Енді үй иесіне жаңа тұрғын тіркелгені туралы SMS келеді

Егер үй иесі біреуді тіркеуден шығарғысы келсе, тіркеуден шығарылған адамға да хабарлама жіберіледі, – дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі. Жаңа қызметті “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы енгізді. Бағдат Мусиннің айтуынша, SMS-хабарламалар бөтен адамдар азаматтардың өмір сүру кеңістігіне жасырын тіркелген кезде мәселені шешеді.