Ақтау маңында ірі жол апаты болды, салдарынан екі адам көз жұмып, бес адам жарақат алды. Ақтау қаласынан Мұнайлы ауданына қарай келе жатқан Chevrolet Cobalt жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, инкассатор ГАЗелімен және Daewoo Nexia көлігімен соқтығысқан, деп хабарлады өңірлік “Лада” порталы. Жол апаты салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Сондай-ақ бес зардап шегуші Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлады өңір полициясы. Жол апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.