Алматы облысы Панфилов ауданындағы тәртіпсіздікке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Соталды тергеп-тексеру амалдары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24». Ал бүлінген үйлер бірер күнде қалпына келтіріледі. Аймақта өткен жиында жауаптылар осылай деді. Оқиға мектеп оқушыларының өзара төбелесінен басталған. Жаппай жұдырықтасу кезінде 16 жастағы бала жарақат алып, аудандық ауруханаға жатқызылылды. Қараңғылықта қарқын алған оқиға бейберектсіздікке жалғасқан. Соның салдарынан ауылдағы қоғам тыныштығы бұзылды. Абырой болғанда терезеге лақтырылған тастан ешкім зардап шеккен жоқ. Тәртіп сақшылары көшеге шыққандарды түн ішінде таратып жағдайды тұрақтандырды.