Алматыдағы оқушы өліміне байланысты тергеу амалдары басталды

Алматыда 8-сыныптың оқушысы 11-қабаттан секіріп мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24». Жеткіншек химия-биология пәндерін тереңдетіп оқытатын Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алған. Оқиға оқудан тыс уақытта болған. Бала мектеп психологымен болған әңгімеден кейін өз-өзіне қол салуы мүмкін деген бейресми ақпарат тараған еді. Алайда мектеп өкілдері оны растаған жоқ. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары басталды.