Қызылорда облысында білім бөлімінің басшысы сотталды

Қызылорда облысында оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін бөлінген қаржыға қымбат көлік мініп, брендтік киім алған Шиелі аудандық білім бөлімінің басшысы сотталды. Экс-шенеунікпен сыбайлас болған сол бөлімнің сектор меңгерушісі мен есепшісі және осы іске қатысы бар 3 тұлғаның да қылмысы дәлелденіп отыр. 335 миллион теңгеге жуық мемлекет қаржысын жымқырды деген айып тағылған 6 адамға 7-ден 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.