Утилизациялық алым ставкалары ақпан айының соңына дейін өзгереді. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Министр кабельді-өткізгіш өнімдеріне утилизациялық алым жинау 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылғанын айтты. “Ставкаларды қайта қарауды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп осы айдың соңына дейін аяқтаймыз”, – деді Брекешев үкімет отырысында.