Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев осылай деп мәлімдеді. “Олимпиада аяқталғаннан кейін Бурабайда үлкен көшпелі кеңес өткіземіз. Сонда қысқы ойындардың қорытындыларына сай кадрлық өзгерістер болады. Нақты тұжырым жасалады”, – деді Абаев “Қазмедиа” орталығында журналистерге. Айта кетейік, Бейжің Олимпиадасына Қазақстан атынан барған 34 спортшының бірі де әлі жүлделі орынға қол жеткізе алмады.