Айтқұрман Омарбеков айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметіне тағайындалды

Ол мемлекет басшысының өкімімен мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары – айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы болды. 6 қаңтарда елімізде жаппай тәртіпсіздік болған кезде Омарбеков қолбасшы міндетін атқарушы болып тағайындалған еді. Бұл қызметте ол Ардақ Әшімбекұлын алмастырды. Мемлекеттік күзет қызметінің арнайы мақсаттағы күштері — Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштеріне жатады. Заңнамада белгіленген құзыреті шегінде президенттің, басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын, күзетілетін объектілерді күзету мен қорғауды жүзеге асырады.