Бейбіт тұрғындар “Украинаға қарсы қарулы агрессия көрсеткендерге” қару қолданғаны үшін жауапқа тартылмайтыны нақтыланды. “Соғыс жағдайы кезінде Украина азаматтары наградаға алған қаруын, спорттық қаруын, аңшы мылтықтары, тегіс ұңғылы немесе құрамалы қаруын, оған арналған оқ-дәрілерді пайдалана отырып, қорғана алады”, – делінген Жоғарғы Рада сайтында жарияланған құжатта.