Солтүстікте аяз күшейіп, оңтүстікте жаңбыр жауады

«Қазгидромет» мамандарының болжауынша, 10-12 наурызда теріскейде ауа температурасы -28 градусқа дейін төмендейді. Батыс өңірлерде қар жауып, кейде боран соғады. Бұрқасын болады. Тау бөктерінде жел екпіні секундына 20 метр, кей жерлерде 28 метрге жетуі мүмкін.