Ол Алатау ауданындағы жеке секторда егде жастағы әйелді ұрып-соққан. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Бастапқыда екі әйел жанжалдасқан. Кейін бір ер адам шығып, зейнеткерді ұра бастаған. Толық ақпарат әлі жарияланған жоқ. Алматы полициясы тексеруді 1 мамырда бастаған.”Алатау ауданы ПБ қызметкерлеріне құқықбұзушылар әрекетіне баға беру үшін қажетті дәлелдемелерді жедел жинап, есепке алу тапсырылды”, – деді ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов. Тексеріс барысы мен нәтижелері департамент бақылауына алынған.