“6 қаңтарда Алматыда “Көк Төбе” телемұнарасын басып алуға тырысқан қаңтар оқиғасына қатысушы анықталды. Оның стратегиялық нысанды иеленудегі негізгі мақсаты жалған ақпарат тарату арқылы азаматтарды көшеге шығуға үгіттеу үшін теледидар мен радиоарналардың жұмысын бақылау болған”, – деді Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды.