Елімізде темір жол билеттері қымбаттамайды

Бұл туралы «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді. « Негізінен экспорттық жүкке баға көтеріледі. Жолаушылар тасымалы – мемлекеттің әлеуметтік қызметі. Жыл сайын мемлекет шамамен 30 млн теңге субсидия береді. Мұның үстіне «Қазақстан темір жолы» азаматтарымыз арзан билет сатып алып, сапар жасау үшін өз қаражаты есебінен қосымша 90 млрд теңге субсидиялайды», – деді Нұрлан Сауранбаев. Айта кетейік, былтыр наурыздан бастап елімізде теміржол билеттері қымбаттаған болатын.