Қызылорда облысында аса ауыр қылмыс жасаған Қаңтар оқиғасының бір қатысушысына қатысты тергеуді аяқталды. Бұл туралы Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Оның айтуынша, қаңтар оқиғасы бойынша 721 күдіктінің 281-і қамауда отыр. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында экстремистік топ мүшесінің Семейдегі тәртіпсіздікке қатысқаны белгілі болды. Қылмыскер, 5-қаңтарда Семей қаласы әкімдігінің ғимаратының алдында бір топ адаммен «Газель» маркалы полиция автокөлігін аударып тастаған. Әрі, адамдарды әкімдікті басып алуға шақырған. Оның бұл әрекеттері бейнежазбада жазылып қалған. Жалпы қаралы қаңтар бойынша 288 қылмыстық іс сотқа жолданған.