Алматыда танымал брендтердің атын жамылып, жалған автокөлік бөлшектерін сатумен айналысқан топ ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторинг агенттігіне сілтеме жасап. “Жедел іс-шаралар барысында жалпы сомасы 1,8 миллиард теңгеден аса сомаға “Тойота”, “Лексус”, “Хюндай”, “Хонда” тауар белгісі бар контрафактілік авто бөлшектер қоймасы жойылды”, – делінген хабарламада. Ведомство мәліметінше, контрафактілік қосалқы бөлшектер фирмалық қораптарға салынып, Қазақстанның көлік базарларына таратылған. Тергеу барысында 106 мыңға жуық жалған автокөлік бөлшектері тәркіленді.