Қазір полицейлер мемлекеттік рәміздерді қорлағандарды іздестіріп жатыр. Қоқыс полигоны алюминий зауытынан он шақырым жерде орналасқан болып шықты. “Жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, Қылмыстық кодекстің 372-бабы “Мемлекеттік рәміздерді қорлау” бойынша соталды тергеу басталды”, – деді облыстық Полиция департаменті өкілдері. Мемлекеттік рәміздерді ауыстыру немесе кәдеге жарату тәртібі арнайы ережелерде белгіленген. Олардың біріне 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын бөліктерге күйдіру, балқыту немесе ұнтақтау жатады, олар қайта пайдаланылмайтындай пішінсіз массаға немесе ұнтаққа айналады. Тәртіп бұзушыларға 2000 АЕК (6 миллион теңгеден астам) көлемінде айыппұл салынады немесе түзеу жұмыстары, 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.