Қаңтар оқиғасына қатысты 445 адам сотталды

Бас прокуратура осылай деп мәлімдеді. 16 адам бас бостандығынан айырылды. Олардың барлығы ауыр қылмыс жасаған, деп хабарлайды «Хабар 24». 514 күдікті қамауда отыр.Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы 2 аптаның ішінде полицейлер 50-ден астам заңсыз қаруды тәркілеген. 120-дан астам қаруды құпия сақтаған орын анықталды. Жекелеген азаматтар мен бизнесмендерден ұрланған мүлікті іздеу жалғасып жатыр.