“Бұған дейін пайдалануға берілген жеті қант зауытының бүгінде төртеуі ғана жұмыс істеп тұр. Олардың тек үштен бірі (31 пайыз) жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026 жылға қарай қызылша қантының үлесін 6 есеге арттыруды жоспарлап отыр. Дегенмен, соңғы төрт жылда қант қызылшасының алқаптары үштен бірге қысқарды. Үкімет тез арада қант өнеркәсібін дамытудың жеке салалық жобасын әзірлеуі қажет. Мақсат – импортқа тәуелділікті айтарлықтай төмендету, өзін-өзі қамтамасыз етуге кезең-кезеңімен көшу.”, – деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Мемлекет басшысы 90 пайыз импорттық қантқа тәуелді екенінімізді айтты.