Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі қант тапшылығы мәселесіне тоқталды

“Бұған дейін пайдалануға берілген жеті қант зауытының бүгінде төртеуі ғана жұмыс істеп тұр. Олардың тек үштен бірі (31 пайыз) жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026 жылға қарай қызылша қантының үлесін 6 есеге арттыруды жоспарлап отыр. Дегенмен, соңғы төрт жылда қант қызылшасының алқаптары үштен бірге қысқарды. Үкімет тез арада қант өнеркәсібін дамытудың жеке салалық жобасын әзірлеуі қажет. Мақсат – импортқа тәуелділікті айтарлықтай төмендету, өзін-өзі қамтамасыз етуге кезең-кезеңімен көшу.”, – деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Мемлекет басшысы 90 пайыз импорттық қантқа тәуелді екенінімізді айтты.