Мегаполистегі 95 жатақхананың 20-сы студент қабылдауға дайын емес, бесеуінің жағдайы мүшкіл. Бұл туралы “КТК” арнасы хабарлайды. Комиссия тексеріс барысында көптеген кемшілік анықтаған. “Мониторинг аяқталғаннан кейін ұсынымдар әзірленеді. Бұл мәселені Алматы қаласы мәслихатында қарастырамыз”, – деді Алматы қаласы мәслихатының депутаты Әсия Ақанова. Қазір шенеуніктер студенттерді қалай орналастыруды ойластырып жатыр.