Орта медицина қызметкерлерінің айлығы шамамен 235 мың теңге болады. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният осылай деп мәлімдеді. Министр былтырдан бері медицина қызметкерлерінің жалақысы 2023 жылға қарай экономикадағы орташа жалақыдан екі есе жоғары деңгейге жеткізу мақсатында жыл сайын көбейіп жатқанын айтты.