Юрий Ильин Қостанай облысындағы өрттің шығуына себеп болуы мүмкін нұсқалардың бірін айтты

“Адам факторы да жоққа шығарылмайды. Қазір прокуратура қозғалған қылмыстық іс аясында абайсызда өртеу, қасақана өрт қою сияқты бірнеше бап бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Сондықтан нақты кінәлілер жедел-іздестіру шаралары барысында анықталады”, – деді төтенше жағдайлар министрі. Ол өрттің шығу себептері арасында табиғи факторлар ескерілмейтінін, өйткені ол кезде Қостанай облысында найзағай болмағанын атап өтті.