Биыл дәрігерлердің орташа жалақысы 420 мың теңгеге жетеді

Орта медицина қызметкерлерінің айлығы шамамен 235 мың теңге болады. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният осылай деп мәлімдеді. Министр былтырдан бері медицина қызметкерлерінің жалақысы 2023 жылға қарай экономикадағы орташа жалақыдан екі есе жоғары деңгейге жеткізу мақсатында жыл сайын көбейіп жатқанын айтты.