Премьер-министр Әлихан Смайылов жемқорлардан тәркіленген қанша ақша мектеп салуға бөлінетінін айтты

“Сыбайлас жемқорлардан алынған қаражат енді мектептер мен оларға қосымша құрылыстар салуға бағытталатын болады. Бүгінгі таңда республика бойынша 100 миллиард теңге туралы сөз болып отыр. Қаражат бөлу қараша айында басталады”, – деді премьер-министр.