Құтқарушы Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтің отбасына қандай көмек көрсетілетіні айтылды

Марқұм болған өртсөндіруші Асқар Зәбикулин мен зардап шеккен Аян Кемпіровтің отбасына ипотека мен несие қарыздарын өтеуге көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Асқардың артында екі кішкентай баласы қалды. Өздеріңіз білетіндей, Асқар Забикулиннің жұбайына үш бөлмелі пәтердің сертификаты тапсырылды. Жаңа баспана Есіл ауданындағы жаңа тұрғын үй кешенінде орналасқан. Бұл пәтер Асқардың отбасына жекеменшікке, әрленген күйде әрі жиһазымен бірге беріледі. Қазір құжаттарын рәсімдеу жұмысы жүріп жатыр. Ал құтқарушы Аян Кемпіровтің отбасына көмек ретінде ипотекасы жабылды. Оның сомасы 24 миллион теңгені құрайды. Сол сияқты Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтің отбасыларына тиесілі 6 миллион теңгенің несиесі өтелді”, – деп мәлімдеді Ақмарал Олжабаева.