Вайнерлер Төребаев пен Шерниязовты қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды

Танымал қазақстандық вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шешім шығарғаны белгілі болды. Онда Төребаев әлі де қылмыстық іс материалдарымен танысып жатқаны айтылған. Сондай-ақ, Шерниязовқа қатысты қаулы шығарды. Оның қамауға алу мерзімі де тағы бір айға ұзартылды. Сәйкесінше, олар 18-19 желтоқсанға дейін қамауда болады. Еске салайық, Мейіржан Төребаев әріптесі Мейірхан Шерниязовпен бірге биыл сәуірде қамауға алынған болатын. Олар Алматыдағы Mudarabaн Capital қаржы пирамидасының ісі бойынша күдікті ретінде танылған.