Мәжіліс сайлауына екі түрлі бюллетень әзірленеді. Орталық сайлау комиссиясының болжамды есептеулері бойынша бюллетеньдерді дайындауға 532,2 миллион теңге жұмсалады. Бұл туралы ОСК мүшесі Сабила Мұстафина мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оның айтуынша, мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына 5 түрлі бюллетень дайындалады. Оның екеуі мәжіліс сайлауында дауыс беру үшін әзірленеді. Кейбір өңірлерде төрт, енді бірінде бес бюллетень беріледі. “Бюллетень әзірлеуге жұмсалатын жалпы сома 532,2 миллион теңге. Бұл біздің жоспарлы есептеуіміз”, – деп түсіндірді Мұстафина. ОСК мүшелері алдағы сайлауға дайындалатын барлық бюллетеньде “бәріне қарсымын” тармағы болатынын атап өтті.