Алматыда троллейбус жүргізушісін көлік қағып кетті

Алматының Әуезов ауданында жантүршігерлік жол апаты болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматы Полиция департаменті мәліметінше, бүгін таңғы сағат 07.10-да Kia маркалы көлігін тізгіндеген 1998 жылы туған жүргізуші Шаляпин көшесі бойымен батыс бағытта келе жатып, Шаляпин көшесінің жүріс бөлігінде тұрған троллейбус жүргізушісін қағып кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды. “Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – деді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.