Қазақстанда 1 млн 100 адам банкроттыққа өтініш бере алады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Айтуынша, қаңтар айының басынан бері ведомствоға банкроттық мәселесімен 10 мыңнан аса адам жүгінген. “Барлығы 1 миллион 100 адам банкроттыққа өтініш бере алады. Одан аспайды. Бірақ банкрот болу, болмауды әркім өзі шешеді. “Банкрот” мәртебесі “қара таңба” сияқты ғой, сондықтан азаматтардың көбі ойланып шешіп қабылдайды деген сенімдемін”, – деді Біржанов. Сондай-ақ ол банкрот атанған азамат бес жыл бойы жаңа кредит ала алмайтынын атап өтті. Бұған қоса “банкрот” статусы 7 жыл бойы сақталады. Еске салсақ, банкроттыққа өтініш қабылдау 3 наурызда басталады. Қарызын төлей алмай жүрген қазақстандықтар 3 түрлі рәсім бойынша кредитінен құтыла алады.