Нұрлан Нұркенов Астана әкімінің бірінші орынбасары болды

Нұрлан Нұркенов Астана әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ақпаратты әкімнің баспасөз қызметі растады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов Президент Әкімшілігінің келісімімен қала әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды”, – деп хабарлады елорда әкімдігі. Нұркенов Нұрлан Жаңбыршыұлы – Целиноград қаласында 1976 жылдың 3 қарашасында дүниеге келген.