«Сары-Арқа» әуежайынан 50,24 миллион теңге көлеміндегі монополиялық кіріс тәркіленді. Тексеруді бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жүргізді. Олардың 2018-2019 жылдары отандық авиакомпанияларда авиажанар-жағармайдың монополиялық жоғары бағасын пайдаланғаны белгілі болды. Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін әуежай 50,24 млн теңге көлеміндегі монополиялық кірісті өтеген. Сот ұйғарымымен анықталған әкімшілік айыппұлды бөліп төлеген. Мемлекет кірісіне жалпы сомасы 81,34 млн теңге айыппұл өндірілді.