Пәкістан мешітіндегі терактіден қаза тапқандар – полицейлер

Бұл туралы Пәкістан Ішкі істер министрлігінің басшысы Рана Санаулла Ұлттық жиын алдында мәлімдеді. Теракт салдарынан 97 полицей мен 3 қарапайым азамат қаза тапты. Ал жарақат алғандар 200-ден асты. Ұлттық қауіпсіздік органы қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес, жанкешті лаңкес жарылғыш затты мешітке бесін намазы кезінде іске қосқан. Сол сәтте мешітте адам көп болған, оның ішінде полиция қызметкерлері мен әскерилер бар. Ал леди Рединг атындағы Пешавар ауруханасында төтенше жағдай жарияланды. Онда жарақат алғандар көптеп түсіп жатыр. Көбінің жағдайы ауыр, медицина қызметкерлері донорлардан қан тапсыруды сұрайды.