Оқушы қыздарға папиллома вирусына қарсы вакцина егіледі

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. Министрдің айтуынша, папиллома вирусына қарсы вакциналау әлемнің 140 елінде жүргізіледі. Бұл мемлекеттерде жатыр мойны обырымен ауыру көрсеткіші 60%-ке төмендеген. “Барлық 11 жастағы қызға ата-аналардың келісімімен және дәрігердің тексерісінен кейін вакцина егіледі. Бірінші кезеңде 100 мыңнан астам қызды вакциналау жоспарланып отыр”, – деді Ғиният.