Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды – видео

Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Күдіктілер қорқыту арқылы бірнеше рет кәсіпкерден 2 млн теңге сомасында ақша қаражатын бопсалағаны анықталды. Тексеру кезінде олардың біреуінен 900 мың теңге тәркіленді. Осы факті бойынша Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі “Бопсалау” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілердің үшеуі ұсталып, қамауға алынды.