Олар TikTok арқылы қолданушылардан ақша алып отырған. Қаржы мониторингі агенттігі осылай деп хабарлады. Тергеу барысында олардың әлеуметтік желіде 4 ай бойы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 13 миллион теңгеге жуық ақша алғаны дәлелденді. Алматының екі тұрғыны кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде құмар ойындар ұйымдастыру заңсыз және ҚР “Ойын бизнесі туралы” Заңының нормаларына қайшы келеді.