Қазақстанда ең төменгі жалақы жаңа әдістеме бойынша анықталады

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушы Тамара Дүйсенова айтты. Министрлік Дүниежүзілік банк сарапшыларымен бірлесіп, ең төменгі жалақы мөлшерін анықтау әдістемесін дайындады. Оның айтуынша, ең төменгі жалақы мөлшері орташа жалақы мен еңбек өнімділігіне қарай белгіленеді. Тиісті түзетулер Еңбек кодексіне биыл 1 шілдеге дейін енгізілмек.