Еліміздегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қазір үш тілде қызмет алуға болады. Олар қазақ, орыс және ағылшын тілі. Енді олардың қатарына қытай тілін қосып жатыр екен. Оның себебі неде? Бұл визасыз режимге байланысты емес пе? – деп сұрады журналист. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов ақпараттың жалған екенін айтты.