Электронды темекі мен вейптерді ел аумағына заңсыз тасымалдаған ер адам сотталды.

Ол 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаменті электронды темекі мен вейптерді мемлекеттік шекарадан алып өтпек болған екі көлікті ұстаған. “Жүк салғышты тексеру кезінде рұқсаты және ілеспе құжаты жоқ 50 мыңға жуық вейп табылды. Табылған өнімнің сметалық құны шамамен 50 млн теңге болады”,- деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі. Сот шешімімен анықталған электронды темекілер мемлекеттік стандартқа сәйкес келмегендіктен жойылуға жатады.