Amanat партиясынан сайланған мәжіліс депутаттары 2029 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасын талқылады. Бұл ретте депутат Юлия Кучинская ресми статистикаға күмән келтірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Статистикамызға қарасақ, біз түрлі Қазақстанда тұратын сияқтымыз. Жалақының орташа деңгейі – 340 мың теңге, мысалы, мен бүгін халықтың басым бөлігі осындай жалақы алатынына қатты күмәнданамын. Шынында, халықтың көп бөлігі бұдан 3-4 есе аз алады”, – деді Кучинская.