Ноғаев Израиль көлеміндей болатын жердің жағдайы туралы айтты

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев облыстың Қарақия ауданындағы жалпы аумағы 2,5 миллион гектар жер телімінің жағдайы туралы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Ноғаев айтты. “Қазіргі таңда Мемлекет басшысының жерді түгендеу және пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, оларды кәсіпкерлік және инвестициялық жобаларға пайдалану жөніндегі тапсырмасын орындау аясында, өткен жылы 2 миллион гектардан астам жерді мемлекет меншігіне қайтардық. Бұл жер Қарақия ауданында орналасқан. Жердің иесі қайтыс болып кеткен. Шаруашылықты оның балалары басқарып отыр”, – деді Ноғаев журналистердің сауалдарына жауап беріп.