“Әртүрлі Қазақстанда тұратын сияқтымыз”. Депутат елдегі жалақы туралы айтты

Amanat партиясынан сайланған мәжіліс депутаттары 2029 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасын талқылады. Бұл ретте депутат Юлия Кучинская ресми статистикаға күмән келтірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Статистикамызға қарасақ, біз түрлі Қазақстанда тұратын сияқтымыз. Жалақының орташа деңгейі – 340 мың теңге, мысалы, мен бүгін халықтың басым бөлігі осындай жалақы алатынына қатты күмәнданамын. Шынында, халықтың көп бөлігі бұдан 3-4 есе аз алады”, – деді Кучинская.