Алматыда әйелдің басын кесіп алған күдіктіні қамау мерзімі екі айға ұзартылды.

Мұндай санкцияны Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты берді. Еске сала кетейік, биыл 12 сәуірде Алматыдағы дүкендердің бірінде белгісіз ер адам әйелдің басын сөмкеге салып, базар маңына тастап кеткен болатын. Оқиға Алматы-1 базарында болған. Полицейлер мәліметінше, әйелдің денесі Шолохов көшесінің бойындағы саябақтан табылған. Күдіктінің жәбірленушіні бірнеше күннен бері танитыны және қылмыс жанжал кезінде жасалғаны анықталды.