Алматы әкімі Ерболат Досаев өрттен қаза тапқан әйелдің отбасына көңіл айтты

“Қайрат Жармұхамедұлы мен Жұмагүл Жұмашқызы, сіздердің қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын! Әселдің өмірден мезгілсіз өтуі сіздер үшін ғана емес, барлық алматылықтар үшін орны толмас ауыр қайғы. Туған баласынан айырылу ата-ана үшін өте ауыр. Сіздерге сабыр мен төзімділік тілеймін. Сіздердің қыздарыңыз, Әселдің әпкесі Айжанның тезірек сауығып кетуін тілеймін”,- деді Ерболат Досаев. Қала басшысы оның толық сауығуы үшін барлық қажетті медициналық көмек берілетінін айтты.