Алматыда өрттен қаза тапқан әйелдің отбасына көмек көрсетіледі

Қайтыс болған Әсел Бекмұхаметованың отбасына көмектесу үшін қаражат бөлінеді. Қажетті моральдық және материалдық көмек беріледі. Марқұмның жерлеу рәсімін ұйымдастырып, денесін жеткізуге көмектесеміз. Алатау ауданының әкімдігі осылай деп уәде етті. Қайтыс болған әйелді жерлеу рәсімі Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаражота ауылында өтеді.