Депутат Аманжол Әлтай салт-дәстүрімізді бұрмалаушылықтан сақтау керектігін айтты. Аманжол Әлтай өзіне дейін жолданған депутаттық сауал иелері Қазыбек Иса мен Ермұрат Бапидың сөзін қолдап, қоғамда белең алған түрлі діни теріс ағымдағылардың ісіне заңмен тыйым салы қажеттігін айтты. “Мемлекет діннен бөлекпіз деп, жат-ағымдардың тайраңдауына жол берілді. Ұлттық құндылықтарымызға, салт-дәстүрімізге шабуылдаушы күштерге «әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа болмады. Өкінішке қарай, етек-жеңімізді жинап, есімізді жия алмай келеміз. Меніңше, біздің мемлекет ретінде араласып, жөнге салатын уақытымыз әлдеқашан келді. Үкімет осыны ойлап нақты қадамдар жасау тиіс. Сөзімнің түйіні! Халықты аздыратын осындай шабуылдарға тоқтау, заңмен тыйым салмасақ болмайды. Салт-дәстүрімізбен, төл мәдениетімізбен үйлесім тапқан дәстүрлі дінімізді жат ағымдармен бұзып алмайық!” деп қосты Әлтай.