Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше облыста арнайы ауқымды операция жүргізді

Комитеттің ресми өкілі Аркен Абдуғали осылай деді. Оның айтуынша, бір мезгілде Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде атыс қаруы оқ-дәрілерімен, ірі ақша қаражаттары, есірткі, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. “Қару мен есірткіні заңсыз сақтауға, бопсалауға, заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыруға және өзге де ауыр қылмыстар жасауға күдікті топтардың 72 мүшесі тергеу амалдарын жүргізу үшін құқық қорғу органдарына жеткізілді. Топтар өз әрекеттерін Қытаймен (“Қорғас” ХШЫО), Өзбекстанмен (“Жібек жолы” өткізу пункті) және Қырғызстанмен (“Қордай автомобильдік” өткізу пункті) шекаралас учаскелерде жүзеге асырған”, – деді Аркен Абдуғали.