Енді отандастарымыз 111 бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына хабарласа алады. Қалалық нөмірлер мен ұялы байланыс операторлары үшін қоңырау шалу тегін. Байланс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді, деді үкіметтің баспасөз қызметі. Азаматтарға қажетті көмек мәтіндік диалог арқылы да көрсетілетін болады. “Аталған шаралар азаматтар, әсіресе әйелдер мен балалар үшін қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді. Байланыс орталығы мемлекеттің уақытылы көмек көрсетуінің тиімді құралына айналады. Өңірлер бойынша аса өткір проблемаларға мониторинг жасау үшін деректер көзі болмақ”, — деді Тамара Дүйсенова. Бірыңғай сенім телефоны мемлекеттік шұғыл қызметтер тізбесіне енгізіледі.