Мемлекеттік қызметтер тізіліміне осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Оны . ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі дайындады. Тізілім арнаулы кәсіби мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау тармағымен толықты. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерге зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу жоспарланып отыр. Қызметкердің денсаулығына келтірілген зиянның дәрежесі ескеріледі. Қазір заң жобасы Парламент Сенатында қаралып жатфыр. “Ашық НҚА” веб-сайтында құжат жобасы 20 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда болады.