Ішкі істер министрлігі “Айка тізімінің” интернетке “жайылып кетуі” фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Бұл тізім туралы дүрбелең Алматы тұрғыны келбетті қыздардан ауқатты ерлерге эскорт қызметін ұйымдастырғаны үшін ұсталғаннан кейін басталды. Осы ретте әділет министрі Азамат Есқараев елде жезөкшелікпен айналысуды заңдастыру мәселесі қарастырылмайтынын жеткізді.