Оларға біржолғы төлем 150 мың теңгеден 250 мың теңгеге дейін ұлғайды. Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов осылай деді. “Бұл көмекті желтоқсан оқиғасына қатысқан 700-ге жуық адам алды. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды (444 млн теңге көлемінде) қосымша әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз ету жоспарланып жатыр”,- деді қалалық басқарма басшысы.